Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметші ауыр жағдайда жатыр

0
808

Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды.


Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметші ауыр жағдайда жатыр

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жауынгерлік даярлық барысында әскери қызметшілердің бірінің парашюты ашылмай қалды. Сарбаз ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады. Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді. Қосалқы парашютті пайдаланбау салдарынан жерге қатты түсті», - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілген.

«8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілермен секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды», - деп атап өтеді Қорғаныс министрлігінен.