Ақтауда шетелге 15 мың доллар әкетпек болған азамат ұсталды

0
723

Ұсталған азаматтың Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды.


Ақтауда шетелге 15 мың доллар әкетпек болған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтау әуежайында шетелге заңсыз ақша әкетпек болған ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

“Мән-жайларды анықтау барысында ұсталған азаматтың Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. Жарияланбаған валютаны – 15 650 АҚШ долларын алып кету әрекеті болды”, – деді Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі.