Медицина қызметкерлері жалақыны өсіруді талап етіп отыр.
ERNUR.KZ. Ақтауда облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушілері мен фельдшерлері бүгін, 11 қыркүйек жұмысқа шықпай қалды, деп жазады sputnik.kz.
Жұмысшылардың айтуынша, олар басшылықтан бірнеше мәрте жалақыны көтеруді сұраған. Бірақ еш нәтиже жоқ.
Ереуілге шыққандар Ақтауда қауырт шақыртуларға қызмет көрсететін екі жедел жәрдем көлігі ғана жұмыс істейтінін атап өтті.
Басшылық мәселені ертең шешуге уәде берген. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері оларға сенбейді.