Ақтауда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

0
1 213

Қазір күдіктілер сот санкциясымен үйқамаққа алынған.


Ақтауда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтаулық полицейлер жеңіл жүрісті қыздардың ордасын ұйымдастырған ерлі-зайыптыларды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жеңгетайлардан» бөлек, сауна әкімшілері де жауапқа тартылды. Олардың заңға қайшы әрекетін монша мен жалдамалы пәтерлерден табылған ірі сомадағы ақша айғақтайды. Құқық қорғаушылардың қолында басқа да бұлтартпас дәйектер бар. Қазір күдіктілер сот санкциясымен үйқамаққа алынды.