Ақтаулықтар су тапшылығын Каспий теңізінің тартылуынан көріп, дүрбелеңге түсті

0
908

Ақтау тұрғындары үйлердегі су тапшылығы Каспийдің таяздануымен байланысты деген қауесеттен кейін үрейлене бастады.


Ақтаулықтар су тапшылығын Каспий теңізінің тартылуынан көріп, дүрбелеңге түсті

ERNUR.KZ. Ақпарат жергілікті БАҚ-та пайда болып, бірден қала бойынша тарап кеткен, деп жазады Stan.kz.

"Бұл ұят! 33-ші, 19-шы, 20-шы және 21-ші шағын аудандарда су түнде литрі 20 теңгеден сатылады. Адамдар кезекте тұр!", - деді жергілікті тұрғындар.

Соңғы екі айда жағдай өзгерген жоқ. Жоғарғы қабаттардың тұрғындары жертөлелерде су жинауға немесе дүкендерден сатып алуға мәжбүр. Соңғы уақытта облыс орталығының жаңа аудандарына су таситын көліктер қатынай бастаған. Ересектер мұндай су дағдарысын қиын-қыстау 90-жылдары бастан кешкендерін айтуда.

"Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ әлі де суды жертөледен тасуға тура келеді. Су тасымалдаушыны күтеміз. 5 литрлік бөтелкелермен де тасып жүрміз. Бізде таңертең 6-дан 7-ге дейінгі аралық су толытырып алатын уақытқа айналған", - дейді Амангелді Айданбаева.

Ақтаудағы ыстық кезеңдегі су мәселесі бұрыннан бар. Облыс орталығында тұщы судың табиғи көздері жоқ. Ішуге арналған су теңізден өндіріледі. Крандарда судың болмауы Каспийдің таяз болуына тікелей байланысты деген нұсқаны жергілікті билік жоққа шығарды.

"Каспийдің таяздануының су тапшылығына қатысы жоқ. Тек ЦУВС-4 объектісінде орналасқан сақтау резервуарларында қиындықтар кездесті. Бұл резервуарлардағы қорлардың сарқылуына байланысты ауыз су беруде іркілістер болды. Қазір мәселе шешілуде. Резервуарлар толтырылады. Осы аптада жағдай түзеліп, су үзіліссіз берілетін болады", - деп сендірді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бөлім басшысы Бексұлтан Шалабаев.

Әкімдік Ақтауда тағы бір тұщыландыру қондырғысын салу жоспарын әзірледі. Жоба қуаттылықты тәулігіне 24 мың текше метрге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бүгінгі суға деген қажеттілікті жоюы тиіс. Идеяны жүзеге асыруына екі жыл уақыт кетеді.