Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған. Ветеринарлар төрт түлікке суық өтті деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
- Міне, ауылдың ешкі-қойы. Жаңбырдың пайдасы. Қой деген қырылып қалды. Бір сыпырасын таратып жібердік, - дейді Шалқар ауданындағы Шоқсу ауылының тұрғындары.
Шойын жол бойындағы ауыл мен 79-разъездің 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген. Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді дейді ветеринарлар.
- Малды, ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жаулауға шығарған. Енді уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратқан, - дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.