Ақтөбе облысында кәріз-сорғылау бекетінде апат болып, бір адам зардап шекті

0
399

Денесінің 90-95% термиялық күйік шалған пациент шұғыл облыс орталығына жеткізілді.


Ақтөбе облысында кәріз-сорғылау бекетінде апат болып, бір адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Оқиға Кеңқияқ ауылындағы "Кеңқияқ-СК" мекемесінде болған. Оператор кәріз жинау бекетінің есігін ашып, сіріңкені жаққан кезде газ қоспасымен араласып, лап еткен, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбе облыстық әкімдігіндегілер басты себеп - қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан деп отыр.

Қазіргі таңда кәріз станциясы өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда, тергеу амалдары жүріп жатыр.