Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

0
197

Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істейді.


Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп жазады Stan.kz.




Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы. Ол оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Бортта үш экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі-техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ведомство


"Қарулы Күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.