Ақтөбе облысында төтеншеліктер жолда қалып кеткен үш адамды құтқарды

0
597

Бұзылған көлікте үш адам, оның ішінде бала да болған.


Ақтөбе облысында төтеншеліктер жолда қалып кеткен үш адамды құтқарды

ERNUR.KZ. 2024 жылы 2 қарашада таңертең таңертең 112 жедел басқару желісіне "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" тас жолы бойында автокөліктің бұзылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Zakon.kz.



Бұзылған көлікте үш адам, оның ішінде бала да болған. Оқыс оқиға Ақтөбе облысының Шалқар ауданында болды.

"ТЖМ күштері үш адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, Шалқар қаласына жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу ескертіледі.