Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады

0
136

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп жазады kaz.inform.kz.

«Ағымдағы жылы 23 қарашада Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады, - делінген хабарлама.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды. 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид.