Ақтөбеде 150 үйге декоративті жарық орнатылды

0
557

Шаhар әкімі қаланы аралауды Қобыланды, Шернияз, Жангелдин, Ахтанов көшелерінен бастады.


Ақтөбеде 150 үйге декоративті жарық орнатылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаладағы көшелерді түнгі жарықтандыру және қоғамдық орындарды көріктендіру жұмыстарының жүзеге асырылуымен танысты, деп жазады tengrinews.kz.

Шаhар әкімі қаланы аралауды Қобыланды, Шернияз, Жангелдин, Ахтанов көшелерінен бастады. Әрі қарай Тахауи Ахтанов атындағы драма театры айналасындағы жаяу жүргіншілер жолы мен Құрылысшылар саябағын қалыпқа келтіру жұмыстарын қарады.

Бұдан өзге, Тұрғындар қалашығында қала әкімі көпқабатты үйлердің қасбеттерін декоративті жарықпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаның ағымдағы жүзеге асырылуымен танысты. Қазіргі таңда жұмыстар Әбілқайыр хан мен Әлия Молдағұлова даңғылдарында, Тургенев пен Сәтпаев көшелерінде жалғасуда.

Мердігер мекеменің өкілі Ұлан Қозбақов: "Жұмыстың 90 пайызы орындалды. Шамамен 150 үй иллюминацияланады",- деп есеп берді.

"Жалпы, қаланы жарықтандыруға байланысты үлкен жоба жасадық – көне жарық нүктелері ауыстырылып, 9 мыңға жуық жаңа бағаналар орнатылады. Асфальт төсеу, жарықтандыру, балалар ойнайтын және спорт алаңдарын орнату сияқты аулаларды абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.
Биыл 200-ден астам ауланы абаттандырдық. 30-40 жыл бойы жөндеу көрмеген аулаларды абаттандыру жұмыстары біздің жоспар бойынша алдағы екі жылда толықтай аяқталатын болады. Көшелерге жарық беру жұмыстарын да бастап кеттік. Жыл соңына дейін қаланың барлық жеріне 700 жарық нүктесін орнатуды аяқтаймыз. Келесі жылы жарықтандыру жұмыстары ауқымдырақ жүргізілетін болады", - деді қала әкімі Асхат Шахаров.