Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген шекарашы үш жылға сотталды

0
258

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген шекарашы үш жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында әріптесін атып жіберген қызметкерге сот үкімі шықты, деп жазады Ulysmedia.kz.


ҚЫСЫМ ЖАСАЛҒАН

Қайғылы жағдай 2023 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбе облысында орналасқан ҚР ҰҚК қарасты «Қиялы» шекара заставасында болған. Бастапқыда әскери қызметкер Байбақтинге «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Кейін «Аффект жағдайында адам өлтіру» бабына ауыстырылды.

Куәгерлер қаза тапқан адамның Байбақтинге үнемі қысым жасағанын растады.

СОТ ҮКІМІ

Жәбірленушінің тарапынан жасалған аморальды және заңға қайшы әрекеттерінен болған ұзақ уақыттық күйзеліс, қатты эмоционалдық шайқалу кезінде орын алған өлім, - деп хабарлады сот.

Байбақтин кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Моральдық өтемақы төлейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.