64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды», - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.