Ақтөбеде ешқандай құжаты жоқ БТР-60 әскери техникасы табылды (видео)

0
994

Болат техника Ақтөбедегі коммуналдық автотұраққа қойылған.


Ақтөбеде ешқандай құжаты жоқ БТР-60 әскери техникасы табылды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбелік полицейлер қалаға қарасты Өрлеу ауылының маңындағы карьердің аумағынан БТР-60-ты тауып алды, деп жазады exk.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері карьер аумағынан әскери көлікті тапты. БТР-60 техникасының қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ болып шыққан.




Тексере келгенде көліктің карьердің инженеріне тиесілі екені анықталды. Ер адам БТР-ды шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алған. Кейін қажетсіз болғандықтан сатпақ болған. Бірақ көліктің тек қаңқасы қалыпты.

Материал ҚК 386-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Болат техника Ақтөбедегі коммуналдық автотұраққа қойылған.