Ақтөбеде әйелдің үстіне кілем құлады

0
634

Дүкен иелері моральдық шығын үшін зардап шеккен әйелге бір миллион теңге төлеуге тиіс.


Ақтөбеде әйелдің үстіне кілем құлады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде кілем сататын дүкенге барған әйелдің оң жақ жамбас сүйегі сынды, деп жазады sputnik.kz.

Сатып алушының үстіне оралған кілем құлады.
"Ол дүкен иелерінен емделуге кеткен шығынды және моральдық залалды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Бірінші сатыдағы сот талап арызды қараусыз қалдырды. Талапкер апелляциялық шағым түсірді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық соты.
Нәтижесінде оқиға медиациялық келісіммен аяқталды. Енді дүкен иелері моральдық шығынды ретінде бір миллион теңге төлеуге тиіс.