Ақтөбеде қайтыс болғандар да баспана кезегінде тұрған

0
302

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, аталған заңбұзушылықтар жойылды.


Ақтөбеде қайтыс болғандар да баспана кезегінде тұрған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық прокуратура тұрғын үй алу кезегін реттеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жасап, өлілердің де баспанаға мұқтаждар тізімінде тұрғанын анықтады, деп жазады Stan.kz.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Басқа елдімекенге көшсе де, еңбек қатынастары тоқтаса да, тіпті тұрғын үйді жекешелендіріп алса да, 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждар базасынан шығарылмаған.

Сонымен қатар қайтыс болған 11 адам үйдің кезегінде тұрған екен.

“Талдау нәтижесінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімін түгендеу жергілікті атқарушы органдар дұрыс жүргізбеген”, – деп мәлімдеді прокуратура.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, аталған заңбұзушылықтар жойылды.