Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілді, деп жазады inform.kz.
- Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады.
Еске салсақ, кеше түнде Шалқар ауданының Бүйректөбе ауылының тұрғындары эвакуацияланды.