Оқиға мамырдың 27-нен 28-іне қараған түні болды.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде 18-22 жастағы жігіттер төбелесіп, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп жазады inform.kz.
Оқиға мамырдың 27-нен 28-іне қараған түні болды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы ауруханаға оқ және пышақ жарақатын алған бірнеше адам жеткізілген.
18-22 жас аралығындағы жігіттер Ақтөбе қаласы Мал базары аумағында төбелескен.
— Ауруханаға жеткізілгендердің бірі алған пышақ жарақатынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.