Ақтөбеде Жаңа жыл түнінде өрттен әйел адам қаза тапты

0
1 065

Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті.


Ақтөбеде Жаңа жыл түнінде өрттен әйел адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде Жаңа жыл түні өрт шығып, салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті.

Ақтөбе қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖ қызметіне 1 қаңтар күні түнгі сағат 1-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жетісімен жатын бөлмедегі 10 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтады. Өрт кезінде газ иісінен екі адам зардап шекті.

«Оқиға орнына 4 техника мен 24 адам аттанды. Келген бойда жатын бөлмеде өрт шыққаны анықталды. Өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді. Салдарынан үйде тұратын екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жетпей көз жұмды. 82 жастағы қарт әйел аман қалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары әсіресе қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.