Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

0
794

Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматы тізгіндеген Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.


Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

26 тамызда сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматы тізгіндеген Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған", - делінген хабарламада.