Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

0
419

Өрт сөндіруші-құтқарушылар машинаның артқы әйнегін сындырып, тұрғынды құтқарған.


Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны "Лексус 350" маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

"Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.