Қазіргі мәлімет бойынша 251 адам эвакуацияланды. Оның 87-і бала.
ERNUR.KZ. Әйтеке би ауданында Щербаков бөгеті бұзылды. Екі ауылдың адамдары эвакуацияланып жатыр, деп жазады inform.kz.
Ақтөбенің Әйтеке би ауданы әкімдігі бұған дейін бөгеттен қауіп барын ескертіп, төтенше жағдай жарияланды.
Ал қазір сол бөгет бұзылып, ауылға қауіп төндірді.
«Әйтеке би ауданында Щербаков бөгеті шлюзінің үстінде жарықтар пайда болды. ТЖД күшімен Талдысай және Жүргенов ауылдарындағы 45 жер үйден 149 адам алдын ала эвакуацияланды. Сағат 21:40-та бөгет бұзылып, Жүргенев ауылының шетіндегі Ырғыз өзеніне су келе лбастады»,- деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазіргі мәлімет бойынша 251 адам эвакуацияланды. Оның 87-і бала. Сонымен бірге 320 ірі қара, 340 ұсақ мал, 606 құс қауіпсіз жерге айдалып, жеткізілді.