Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында мәлімдеді.
Қазақстандық актриса, әнші әрі продюсер Әсел Сәдуақасовадан коронавирус анықталды. деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Мен ауырып қалдым. Соңғы сәтке дейін саумын деп ойлап едім, бірақ араласатын адамдардың көбі ауырып жатқанда сау қалу қиын екен. Сақтаныңыздар! Кім ниеттес болса, мен үшін дұға тілеңіздерші?! Алда жағдай қалай боп жатқанын жазып отырам. Бұл үйде отырып, өзін қорғауға шақырған жазба. Мен секілді оңды-солды шыға бермеңіздер» деп жазды ол.
Естеріңізде болса, наурыз айының ортасында «актриса коронавирус жұқтырып алды» деген сыбыс шыққан. Алайда кейін Әсел Сәдуақасова бұл хабарды жоққа шығарған болатын.