Алагөзова Алматы сотын "бопсалады"

0
1 550

Алагөзова өзінің экс-жұбайы Бақытбек Есентаевпен соттасып, қазіргі ері Тұрсын Алагөзов пен оның ұлы Арсен арасында да сот ісі басталған.​


Алагөзова Алматы сотын

Продюсер Баян Алагөзова «сот жүйесінің бар шындығын» айтамын деп қарқытты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Дүйсенбі күні шығатын сот шешімін күтіп отырмын. Егер шешім әділетсіз болса, әділетсіз болатын да сияқты, сол кезде сот системасына қатысты барлық шындықты жайып саламын. Сот ісі қалай жүргізілетінін, пара бермей сотты жеңіп шығу мүмкін еместігін, сот орындаушылардың қалай жұмыс істейтіндігін бәрін айтамын.Алматы қаласы Бостандық ауданының соты менің ескерту постымды оқып, сот ісіне қайта көз жүгіртіп шығар деген үміттемін. Әйтпесе, бұл істі халыққа жайып, жоғары лауазымды адамдарды қажетті шараларды қолдануын сұраймын. Бұл пост шарасыздықтан жазылып отыр, сот керекті шараларды қолданбады, барлық арыз-шағымдарды қарамай тастады»,-деді Алагөзова өз instagram парақшасында.

Продюсер нақты қай сот шешімі туралы сөз қозғағанын анықтамады. Естеріңізде болса, Алагөзова өзінің экс-жұбайы Бақытбек Есентаевпен соттасқан. Бүгінде қазіргі ері Тұрсын Алагөзов пен оның ұлы Арсен арасында да сот ісі басталғанын ernur.kz хабарлаған болатын.