Алакөлде гидроскутер мінген қыз сегіз жастағы баланы басып кетті

0
743

2000 жылғы қыз бала гидроскутерге ие бола алмай қалған.


Алакөлде гидроскутер мінген қыз сегіз жастағы баланы басып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында Алакөл көліндегі «Марсель Фэмели Ресорт» пансионатында үрмелі матраста жүзіп жүрген үш жасөспірімді гидроскутерге ие бола алмаған 2000 жылғы қыз бала басып кетті, - деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барды.

Келгеннен кейін 2012 жылы туған сегіз жасар бала басынан бірнеше жерден жарақат алғаны анықталды. Ол Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қалған балалар зардап шеккен жоқ.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Скутермен жүргенде шомылып жүрген адамдардан алыс, қауіпсіз жерде жүру қажет, өйткені кез келген абайсыздық апатқа әкелуі мүмкін.