Алакөлге көлігімен түсіп кеткен адамның денесі табылды

0
724

Суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты.


Алакөлге көлігімен түсіп кеткен адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Мұз ойылып, көл түбіне кеткен адамның денесі 28 метр тереңдіктен табылды. Ол су астында көлігімен бірге бір тәулікке жуық уақыт жатып қалған, деп жазады zakon.kz.

"13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Іздеу жұмыстары барысында 14 қаңтарда сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты.

Құтқару жұмысына ҚР ТЖМ РҚҰ-ның Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы мен 6 техникасы тартылды.