«Әлем жүгірісі» эстафетасы тізгінді Қазақстанға бұрды

0
851

«Әлем жүгірісі» эстафетасының әр мемлекет үшін маңызы зор.


«Әлем жүгірісі» эстафетасы тізгінді Қазақстанға бұрды

ERNUR.KZ. Ресей, Белоруссия, Латвия спортшылары осымен нешінші күн қазақ даласында жүгіріп жүр. 10-шы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан эстафетаға қатысушылар континенттердің көбінде болып қайтқан, деп жазады altaynews.kz.

Атаулы эстафетаның басты мақсаты - ұлттар арасындағы достастықты дамыту, халықты салауатты өмір салтына шақыру.

"Қазір адамдар бізге үйреніп қалды. Ерекше құрмет танытып, зор қуанышпен қарсы алады. Бізге таң қалуды да қойған. Әр қала-аудандардағы жұртшылықтан қуат аламыз" – дейді акция ұйымдастырушысы Дәурен Оспанов.

Ал Латвиялық Гундага Гайла болса, «Әлем жүгірісі» эстафетасының әр мемлекет үшін маңызы зор екендігін айтады.

"Алғашқыда мен Латвияда жүгіре бастадым. Алайда мемлекеттің ауданы айтарлықтай үлкен болмағасын небәрі 3-4 күннің ішінде-ақ айналып шығатынмын. Дәл осы жоба арқылы мен әлем көріп, әр ұлттың тыныш-тіршілігімен танысудамын. Қазақстанға алғаш келуім, қазақ елі ерекше қонақжайлылығымен есте қалары анық" – дейді латвиялық спортшы қыз Гайла.