Алқабилер сотына кандидаттар тізімін әкімдіктер жасайды

0
496

Сондықтан басты сот отырысына алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидатты шақырылады.


Алқабилер сотына кандидаттар тізімін әкімдіктер жасайды

ERNUR.KZ. ҚР Жоғарғы соты Қазақстан заңнамасына сәйкес алқабилер сотына кімдер қатыса алатынын түсіндірді, деп жазады inform.kz.

«Заңға сәйкес 25 жасқа толған және әкімдіктер жасайтын кандидаттардың бірыңғай тізіміне енген кез келген Қазақстан азаматы алқаби бола алады. Жас шегі белгіленді, оған жеткенде адамның белгілі бір өмірлік тәжірибесі, білімі бар және өз бетінше шешім қабылдай алады. Заң аясында алқабиге қабылдау кезінде ұлтына, әлеуметтік немесе мүліктік жағдайына, дінге көзқарасына, нанымына байланысты шектеулерге тыйым салынған», - делінген Жоғарғы соттың Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Соттылығы бар және басқа қылмыстық іс бойынша күдікті немесе айыпталушы деп танылған азаматтар алқабилер мүшесі бола алмайды. Мұндай жағдайлар шешім қабылдау кезіндегі объективтілікке әсер ететіні анық. Сонымен қатар, судьялар, прокурорлар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері алқабилердің қызметін атқара алмайды.

«Бұл талап үкімнің әділдігі үшін жасалып отыр. Іс жүргізу тілін меңгермеген адамдар алқабилердің қызметінен босатылады. Денсаулыққа қойылатын талаптар бар, яғни үміткерлер психикалық немесе мінез-құлыққа қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрмауы тиіс», - деп аталып өткен Жоғарғы сот мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот 27 наурызға белгіленді.

Сондықтан басты сот отырысына алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидатты шақырылады.