"Алматы - Орал" бағытындағы жолаушылар пойызы жолда алты сағат тұрып қалды

0
2 678

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №51 Алматы-2 – Орал (Тальго) жолаушылар пойызының кешігуіне қатысты түсініктеме берді.


фото: көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 "Тальго" жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты алты сағат кешікті. Жөндеу үшін орта жолда қалып кеткен пойыз жолаушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, деп жазады Zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ №51 Алматы-2 – Орал (Тальго) жолаушылар пойызының кешігуіне қатысты түсініктеме берді.

"8 желтоқсанда сағ. 20.35-те Тобыл станциясында техникалық себеппен №51 пойызы тоқтатылды. Ақау анықталып, жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін Тобыл станциясынан пойыз 9 желтоқсанда сағат 02.13-те, яғни Орал станциясына 6.05-ке сағатқа кешігіп жөнелтілді. Орал станциясына шамамен кеш келу 6 сағатты құрайды"."Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын жеткізді.