Алматы әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

0
1 383

АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майер: Алматы сондай тартымды, қайта айналып келе бергің келеді


Алматы әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.

Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. АҚШ-тың Бас консулы Қазақстанның іскерлік, мәдени, білім және ғылым орталығы болып табылатын Алматының екі жақты байланыс үшін маңызды екенін атап өтті.

«Алматы - Америка консулдығы және Қазақстанда бизнес ашуға ынталы АҚШ компаниялары жүгінетін Америка сауда палатасы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала. Мен мұнда 2004 және 2008 жылдары болған едім. Қала сондай тартымды, қайта айналып келе бергің келеді. Осы жерде жұмыс істеуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Мен Алматыда үлкен оң өзгерістердің болғанын көрдім, жаяу жүргіншілер үшін жақсы инфрақұрылым жасалғаны байқалады, қоғамдық кеңістік барынша ашыла түскен», - деді Эрик Майер.

Алматыда қазір телекоммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 168 компания жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 миллион АҚШ долларынан асты.