Алматы әкімі қаланың төтенше жағдайларға дайындығы туралы айтты

0
579

Досаев алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін Жапония серіктестік орнатуды жоспарлағанын мәлімдеді.


Алматы әкімі қаланың төтенше жағдайларға дайындығы туралы айтты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде оңтүстік астананың төтенше жағдайларға дайындығы туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Әкімнің сөзінше, инфрақұрылымның 40%-ы қолданыста. Сондықтан ол қаланы дамыту бойынша жоспарда төтенше жағдайды хабарлау мен қауіпсіздікті дамытуға басымдық беретінін айтты.

"Біз активтерді толықтырып, мектептен бастап ересектерге дейін адамдардың дайындығын шыңдау керек. Жиналатын орындарды су көздерімен, азық-түлікпен, жедел медициналық көмектеп қамтамсыз ету керек", – деді әкім.

Досаев алдағы уақытта тәжірибе алмасу үшін Жапония серіктестік орнатуды жоспарлағанын мәлімдеді.

"2023 жылдан бастап төтенше жағдайды ескерту бойынша инфраұрылымды дамытуға қаржы бөлмекшіміз. 2030 жылға дейін жер сілкінісі туралы ескертуге арналған 28 станция саламыз. Бұл қымбат, бірақ қала үшін аса қажет", – деп қосты ол.