Алматы қаласы мәйітханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

0
746

Адамдар марқұмдардыың денесін әзер дегенде алуда.


Алматы қаласы мәйітханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Қалқаман шағын ауданында орналасқан мәйітхананың алдында қайтыс болған туыстарының денесін біренеше сағаттан бері алып кете алмаған адамдар ұзын сонар кезекке тұрды, деп жазады inbusiness.kz.


«Біз мұнда түске дейін келгенбіз, алайда туысымыздың мәйітін әлі бермей жатыр. Кейбір азаматтар таңертеңнен бері осында күтіп отыр. Өйткені іште аз маман жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да олар марқұмдардың денесін беруге арналған құжаттарды рәсімдеп үлгере алмайды. Бір сөзбен айтқанда маман тапшы. Ал қайтыс болып жатқандар көп», – дейді жақынынан айрылған алматылық азамат.


«Біздің туысымыз кеше қайтыс болды, алайда оның өмірден өтуіне коронавирус немесе пневмонияның еш қатысы жоқ. Ол күрделі отаны көтере алмай қайтыс болғаннан кейін осы мәйітханаға әкелген екен. Бірақ мұнда коронавирустан қайтыс болғандарды әкелетінін естідім. Осы ретте «Неліктен бәріміз бір жерде топталып тұруымыз керек?» деген заңды сұрақ туындайды. Осы топталудың салдарынан қауіпті індет бір-бірімізге жұғуы мүмкін ғой. Кеше бізде мәшине болмағандықтан марқұмның денгесін ала алмадық. Бүгін біз көлікті дайындап түскі уақытта келгенімізбен сағат 17.00-ге дейін күтіп отырмыз», – деді қала тұрғыны.


Тағы бір Алматы қаласының тұрғыны Жанат Әйтенова тусының мәйітін алуға сағат 11:00-де келгенін айтады. Ол бірнеше сағаттан кейін марқұмның денесін әзер дегенде алған.


«Таңертең сағат 11:00-де туысымның мәйітін береміз деп уәде берді. Бірақ шамамен сағат 15:00-де бірақ мәйітті алдық. Себебі біз марқұмды ауылға жерлейтінімізді айтқаннан кейін барып оның денесін алдық. Ешкім ақша сұраған жоқ. Мәйітхана қызметкерлері «Тезірек марқұмды алып кету үшін ақша ұсынбай-ақ қойыңыздар» деп ашық айтты», – деді ол.

Мәйітхана алдындағы ұзын сонар кезек осыдан бір күн бұрын байқалған болатын. Бұл туралы Ғалым Шаяхметов атты қолданушы өзінің Facebook парақшасында жазды. Сонымен қатар ол 6 шілде күні таңертең түсірілген видео жариялады. Осыдан кейін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәйітхана жанындағы адам көп жиналу себебін түсіндірді.