Алматы мектебінде гардеробта болған шудан соң бір бала жарақат алды

0
873

Бұл мектепте оқушы орны тапшы. Мектеп 860 орынға арналған болса да 2257 бала оқып жатыр.


Алматы мектебінде гардеробта болған шудан соң бір бала жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыда мектепте киім алуға таласқан балалардың кесірінен бір бала жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, оқиға 7 ақпанда №5 мектепте болған. Оқыс оқиғаның кесірінен бір бала аяғынан жарақат алды.

Гимназия директорының міндетін атқарушы Сәуле Жұмабекованың айтуынша, баланың аяғы сынбаған. Тек сіңірі созылған.

«Бізде гардероб ортақ. 5-сабақтан соң үйлеріне асыққан оқушылар гардероб есігі ашыла салысымен бір-бірін таптап кеткен. Бір баланың сіңірі созылып кетті. Ата-аналарын, жедел жәрдем шақырдық. Қазір бала үйінде, жағдайы жаман емес», - деді ол.

Сәуле Жұмабекованың айтуынша, мұндай жағдай мектепте бірінші рет болып тұр. Бұрын барлық оқушыларға ортақ гардероб болса, қазір әр сынып оқушылары өз сыныбында шешінетін болды.

Бұл мектепте оқушы орны тапшы. Мектеп 860 орынға арналған болса да 2257 бала оқып жатыр.