Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0
638

Ол 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді.


Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бағдат Мәнізоровтың орнына бұл қызметке Серік Тұрдалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын, ол қызметте 2012 жылдан бері болған еді.

"Серік Мэлсұлы қызметінен кеткен жоқ деп те айтуға болады, себебі ол осы уақытқа дейін менің штаттан тыс кеңесшім болды. Кезінде бірге қызмет етіп бастағанбыз. Алматыда алғаш рет бизнес-форум мен қазіргі жүзеге асқан көптеген жобаны өткізген болатынбыз", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Еске салайық, былтыр 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Кейінірек экс-орынбасардың қызметінен кеткені айтылды.