Алматы облысында екі "жеңгетай" ұсталды

0
1 241

Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді.


Алматы облысында екі

ERNUR.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізген арнайы іс-шара барысында белгілі төлем үшін қалталы азаматтарға қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйелдерге "жеңгетайлық" көмек берген екі азаматша ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Заңсыз әрекетке ықпал еткен Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, "жеңіл жүріске" түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы уақытша мекенге орналастырылды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін жеткізді. Облыс тұрғындарын кез-келген дерек орын алған жағдайда полицияға хабар беруге шақырды.