Алматы облысында елік атқан браконьер қолға түсті

0
1 172

Оқиға 17 қыркүйек күні Түрген ауылында болған.


Алматы облысында елік атқан браконьер қолға түсті

ERNUR.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, заңсыз аңға шыққан адам 17 қыркүйекте Түрген ауылында ұсталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Парк инспекторлары мен табиғатты қорғау полициясы браконьердің көлігінен өлген елік пен қару-жарақ тапқан. Бүгінде «жарылғыш заттар мен оқ дәріні қолдану арқылы заңсыз аңшылық жасады» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.