Алматы облысында кәсіпкерден ақша бопсалап келген бір топ адам ұсталды

0
697

Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.​


Алматы облысында кәсіпкерден ақша бопсалап келген бір топ адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысының полицейлері облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп жазады Stan.kz.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, оның барысында кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі "Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Эльдар Әбдікенов.