Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

0
641

Синоптиктер сенбіде, 16 желтоқсанда еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашар болатынын болжап, ақпарат таратқан болатын.


Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 желтоқсанда сағат 8:50-ден бастап республикалық трассаның бір бөлігі жабылды, деп жазады zakon.kz.

Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты (суық күндері жаңбырдың жаууы, қатты көктайғақ) республикалық маңызы бар А-2 Алматы – Ташкент – Термез тас жолынының 59-143 шақырым аралығы, яғни Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Бұған дейін синоптиктер сенбіде, 16 желтоқсанда еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашар болатынын болжап, ақпарат таратқан болатын.