Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

0
756

​Ноутбук ұрлап қолға түскен күдіктіні отандастары алаяқтық әрекеті үшін 2010 жылдан бері іздестіріп жатқан.


Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында он жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғанын айтып арызданған.

Дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша тіркелді.

"Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті анықтады. Ол Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталғанға дейін ол ұрлаған мүлікті сатып үлгерген. Кейіннен, сатылған бұйым кері қайтарылды", - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев.

Күдіктінің жеке басын тексеру барысында оның 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.