Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады

0
657

​«Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымына 2 млн. теңге айыппұл салынды.


Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады

ERNUR.KZ. Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбенші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі арзандады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС-гі» халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылықтарын білдірді. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды»,- деп көрсетті облыстық прокуратура.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді, осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

«Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымына 2 млн. теңге айыппұл салынды.