Алматы облысында төрт оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

0
393

2 наурызда кешкі уақытта Алматы облысында мас жүргізуші кішкентай қыздарды қағып кеткен еді.


Алматы облысында төрт оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматы облысында төрт оқушы қызды қағып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы - Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны, деп жазады Tengrinews.kz.

Іс бойынша процесс Шелек ауылындағы Еңбекшіқазақ ауданының №2 сотында өтіп жатыр.

"Сот шешімі бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды".

Еске салайық, 2 наурызда кешкі уақытта Алматы облысында мас жүргізуші кішкентай қыздарды қағып кеткен болатын. Жол апаты салдарынан үш қыз ауруханаға жеткізілді, екеуі жансақтау бөліміне түсті. Кейіннен бір оқушының, артынша екінші оқушы қыздың қайтыс болғаны анықталды.