Нәтижесінде үй тұрғындарының бірі - 62 жастағы ер адам жарақат алды. Кейінірек зейнеткердің аяғын кескені белгілі болды.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында ер адамды аяғына оқ атқан күдікті ұсталды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға биылғы 21 сәуірде болған. Сол кезде жігіт қолына қару алып, өзінің сүйіктісін іздеген.
Нәтижесінде үй тұрғындарының бірі - 62 жастағы ер адам жарақат алды. Кейінірек зейнеткердің аяғын кескені белгілі болды.
Жәбірленушінің туыстары шабуылға куә болды. Кешкісін үйдің жанында оқ атылды. Отағасы не болғанын көру үшін сыртқа шығып, жарақат алған.
"Ол әкемді атты, әкем табалдырыққа құлап, қансырап жатты. Оны бәріміз білеміз, бұл менің қайын сіңлімнің бұрынғы жігіті. Оны тастап кеткеніне көне алмай жүр. Ол жынды, маскүнем, нашақор. Үйде ол бәрін қорқыта бастады, тіпті тапаншаны маған және сіңліме бағыттады", - деді Әсел Қайырбаева.
Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам басты қақпадан өтпек болған. Құлыпқа оқ атқан. Нәтижесінде үйдің ауласына кірген.
Ер адам қызды таба алмаған. Ол жасырынып үлгерген. Кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 24-бабы, 99-бабының 1-бөлігі "адам өлтіруге оқталу"бойынша тергеліп жатыр.
"31 мамыр күні кешке іздестіріліп жатқан Қаскеленнің 29 жастағы тұрғыны Тұрар ауылында ұсталды. Қамауға алынған адам мас күйінде қылмыс жасағанын түсіндірді. Мылтықты су қоймаларының біріне лақтырып жіберген, содан кейін ол әртүрлі жерлерде жасырынып жүрген", - деп атап өтті облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.