Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
772

Жамбыл аудандық полиция бөліміне жәбірленушінің күдіктімен татуласқан және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған арызы келіп түскен.


Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
ERNUR.KZ. Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады tengrinews.kz.Полицейлердің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне жәбірленушінің күдіктімен татуласқан және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған арызы келіп түскен. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-35 бөлігі 12 тармағы негізінде тоқтатылды.

Еске сала кетейік, оқиға 28 маусымда Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында болған. Көліктердің бірінің ашулы жүргізушісі сол жақ жолақтағы басқа көлікті тоқтатып, өзі көлік терезесінен шығып, тоқтатқан көліктің капотына шығып, оның алдыңғы әйнегін аяғымен сындырған. Одан кейін төмен түсіп, жүргізушінің бүйіріндегі терезені жұдырығымен сындырып, жүргізушіні шығарып алмақ болған. Ол кезде көлікте жүргізушіден бөлек әйелі мен баласы болған.


Осыдан кейін полицейлер бұл дерек ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша аудандық ІІБ-нің ТЖД-да тіркелгенін хабарлады. Күдікті 1993 жылы туған К есімді ер адам ұсталып, оның көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді.