Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы ПД аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйде басқа қызметтік автокөлікпен жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы қызметкерлердің бірі есірткіге мас күйде жол апатына ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы ПД аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйде басқа қызметтік автокөлікпен жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Сараптама барысында оның қанынан мефедрон табылғаны хабарланды.
Алматы полициясының баспасөз қызметі мас қызметкер ұшыраған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды. Тағы бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылған. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында", - деп хабарлады Алматы полициясы.