Алматы тұрғыны 24 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

0
1 134

Аталған оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.


Алматы тұрғыны 24 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында осыдан 24 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ер адам қылмысын мойнына алып, марқұмның денесін қайда жасырғанын көрсету үшін Ақсайға келген. Ол 1995 жылы 20 жастағы бойжеткенді өлтіргенін мойындады.

«Адам сүйегі табылғаны туралы мәлімет WhatsАpp мессенжерінде тарап кеткен болатын. Алматыда тұратын ер адам осы жағдайдан кейін, яғни 6 шілде күні кінәсін мойындап, полицияға өзі келді. Енді оны сот күтіп тұр», - деп мәлім етті БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.

Аталмыш жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр.