Руслан Қасыбаев мердігерге орындалмаған жұмыстары үшін ақша аударып, техникалық қадағалау қорытындысын шығармай, өрт сөндіру бөлімдерінің бірін қабылдаған.
ERNUR.KZ. Алматы және Қызылорда облысының ТЖМ департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz.
ҚР Әскери сотының апелляциялық алқасы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды. Сот мердігерге нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төлегенін және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдағанын анықтады.
Қасыбаев билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру құқығынан айырылды.