Алматыда 100 миллион теңгенің алтыны жасырылған орын анықталды

0
598

12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдары ұрланған.


Алматыда 100 миллион теңгенің алтыны жасырылған орын анықталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы ұрланған алтын жасырылған орынды тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жетісу аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдары ұрланған.

"ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі ("Ұрлық") бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен 100 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Ол - 35 жастағы А. есімді ер адам. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді", - деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ер адамның ұрлаған мүлікті жасырған жері анықталған. Ол ұрланған алтындарды қала шетіндегі шөл далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленген. ҚР ҚПК-нің 128-бабына ("Ұстап алу негіздері") сәйкес А. есімді күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде сот қамауға алуды санкциялады.