Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

0
448

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.


Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

ERNUR.KZ. Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

«Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Прокуратура ҚР Ұлттық банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.