KIA тізгінінде қыз отырғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Алматыда жол апатына ұшыраған автобус салонынан түсірілген видео пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрларға қарағанда, автобус алдымен Байтұрсынов көшесінен оңға Мақатаев бойына бұрылған. Масанчи қиылысына келгенде ақ түсті KIA кроссоверімен соқтығысқан.
KIA тізгінінде қыз отырғаны белгілі болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қыз автобустың келе жатқанына көз жеткізбестен қиылысқа шығып кеткен. Соққы кезінде автобустың жылдамдығы сағатына 38 шақырым болған. Видео бар, бәрі расталған. Қалған ақпарат полицейлерде бар, тергеу оны анықтайды", - деп түсіндірді City-Bus ЖШС автобус компаниясының директоры Абылай Өстемір.
Сонымен қатар, автопарк автобус жүргізушісі тәжірибелі, көп жылдық тәжірибесі бар екенін хабарлады. Ол 55 жаста. Компанияда 2022 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді.
Автопарк директоры марқұмның отбасына және зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты.