Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот отырысы басталды

0
242

Оқиға салдарынан автобустың 25 жолаушысы зардап шегіп, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.


Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот отырысы басталды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда болған автобус апаты туралы іс бойынша ашық сот талқылауы басталды. Жол апаты бір адамның өмірін қиды, тағы 25 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп жазады tengrinews.kz.

ҚР ҚК-нің 345-бабына, 3-бөлігіне сәйкес абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған іс-әрекетке айыпталған әйел сот алдына келді.

Алдын ала тыңдауда, судья, адвокаттар бірден прокурорға, содан кейін сотқа берілген қылмыстық істің материалдарымен танысуға үлгермегендіктен, оларға істі қарау үшін қосымша уақыт берілетінін мәлімдеді.

"Сотталушы мен оның қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысуға мүмкіндігі болмады және тиісінше өтініш беру құқығынан айырылды. Сарапшылардың қорытындысын іске қосу туралы қорғау өтініші негізгі сот талқылауы барысында қаралатын және шешілетін болады. Іс материалдарымен танысу туралы өтініш қосымша уақыт бере отырып қанағаттандырылды", - деді судья Қ.Иманқұлов.

Сот ашық отырысты 19 қарашаға сағат 10:30-ға белгіледі.

Еске салайық, Алматыда KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқаны, ол кейіннен кедергіге соқтығысқаны хабарланды.

Оқиға салдарынан автобустың 25 жолаушысы зардап шегіп, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.